26.12.2007, 17:49 2783

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі жыл соңына дейін электрондық үкімет аясында мүлік регистрін пайдалануға тапсыруды көздеуде

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі жыл соңына дейін электрондық үкімет аясында мүлік регистрін пайдалануға тапсыруды көздеуде

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік жыл соңына дейін "электрондық үкімет" аясында мүлік регистрін пайдалануға тапсырмақшы. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті.

"Бағдарламаны жасаудың бірінші мақсаты- "электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын құру болды. Осы бағдарлама аясында биылғы жылы біз жеке және заңды тұлғалар бойынша дерек базасын дайындап тапсырдық. Сондай-ақ, мекендік регистр жүйсін де жасадық. Ал жыл соңына дейін мүлік регистрін дайындауды көздеп отырмыз", - деді Қ. Есекеев.

"Жыл соңына дейін 3-4 күн қалды, сондықтан бізде тапсыру жұмысы жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ол.

АБА төрағасы атап өткеніндей, е-үкімет аясында мүлік регистрі " қажетті анықтама қағаздарын беру үшін, мүліктің кімнің атында тіркелгенін, оның кадастрлік номерін, сондай-ақ, барлық жүйенің іс әрекеттерін реттеу үшін қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны