17.12.2018, 15:42 5754

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мырза Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады

"Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтыӊ тұғыры ретінде, Орталық Азия мен басқа да аймақтарда экономикалық даму мен қарым-қатынастарға серпін бере отырып, өзініӊ әлемдік сахнада алған маӊызды орнын дәлелдеп отыр. Біз Қазақстан мен АҚШ халықтарыныӊ игілігі үшін екі ел арасындағы қарқынды қарым-қатынастардыӊ одан әрі дамуына үлкен үміт артамыз".

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео мырза Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады. Ол өз сөзінде былай деді:

"Осы жылдыӊ 16 желтоқсанында өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 27 жылдық мерейтойына байланысты, АҚШ халқы атынан барлық қазақстандықтарға игі тілектерімді жолдаймын.

Президент Назарбаевтыӊ Вашингтонға жасаған сапары аясында екі ел келешекте өз араларындағы қарым-қатынастарды өрбітуге бел буып, Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан стратегиялық серіктестікті нығайтуға бет бұрды. Біз Қазақстанды алдымыздағы күндерде мерзімі аяқталатын Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Қауіпсіздік Кеӊесіне төрағалық ету барысындағы екі жылдық жұмысыныӊ жетістіктерімен құттықтай отырып, Қазақстанға әсіресе Ауғанстан бағытындағы аймақтық қауіпсіздік пен даму мәселелері бойынша әлемдік сахнадағы жетекшілігі үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар, біз Қазақстан Үкіметіне Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ бітімгершілік қызметіне қолдау көрсету мақсатында Ливан еліне алғашқы бітімгерші жасағын жібергені үшін алғысымызды білдіреміз. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтыӊ тұғыры ретінде, Орталық Азия мен басқа да аймақтарда экономикалық даму мен қарым-қатынастарға серпін бере отырып, өзініӊ әлемдік сахнада алған маӊызды орнын дәлелдеп отыр.

Біз Қазақстан мен АҚШ халықтарыныӊ игілігі үшін екі ел арасындағы қарқынды қарым-қатынастардыӊ одан әрі дамуына үлкен үміт артамыз".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны