19.01.2012, 13:13 3056

АҚШ соты украиналық қылмыскерді 200 жылға бас бостандығынан айырды

Бірнеше адамды өлтірген Украинада туған Максим Гельманды АҚШ соты 200 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады британдық телерадиохабар таратушы Би-би-си корпорациясы.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ соты украиналық қылмыскерді 200 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бірнеше адамды өлтірген Украинада туған Максим Гельманды АҚШ соты 200 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады британдық телерадиохабар таратушы Би-би-си корпорациясы.

Естеріңізге сала кетсек, 24-жастағы М.Гельман 2011 жылы қараша айында кінәлі деп танылған болатын.

Сот материалдарына қарағанда, 2011 жылы 11-ақпан күні ол өгей әкесін пышақтаған және тағы екі адамды өлтірген, сосын көлікпен жаяу адамды қағып өлтірген, артынан келесі күні метрода жолаушыларға пышақ салып жарақаттаған.

Айыптау 13 тармақтан тұрады. Үкімді шығара отырып судья М.Гельманды " қатыгез қылмыскер және социопат" деп атады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны