09.11.2016, 14:00 4629

АҚШ-тыӊ 45-ші президенті болып Дональд Трамп сайланды

Демократтар партиясынан кандидат болған Хиллари Клинтон өзініӊ сайлауда жеӊілгенін мойындады. Осылайша АҚШ тарихында алғаш рет миллиардер президент болып сайланды. Ол сайлау жеӊімпазы ретінде өз жақтастарына арнап сөз сөйледі.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Кеше өткен президент сайлауыныӊ қорытындысы бойынша АҚШ-тыӊ 45-ші президенті болып Дональд Трамп сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Bloombergке сілтеме жасап.

Республикалық партиядан кандидаттыққа ұсынылған Дональд Трамп сайлаушылардыӊ жеӊуге қажетті дауысын жинап, АҚШ президенті болып сайланды. Оған жеӊіске жету үшін 538 сайлаушыныӊ 270 дауысын жинау қажет болатын. Республикалық кандидат 289 сайлаушыныӊ дауысына ие болған.

Демократтар партиясынан кандидат болған Хиллари Клинтон өзініӊ сайлауда жеӊілгенін мойындады. Осылайша АҚШ тарихында алғаш рет миллиардер президент болып сайланды. Ол сайлау жеӊімпазы ретінде өз жақтастарына арнап сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Хиллари Клинтонныӊ оған телефон соққанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны