23.04.2008, 18:39 2974

Ақтау әуежайында 210 мың долларды контрабандалық жолмен алып шығуға жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Ақтау әуежайында 210 мың долларды контрабандалық жолмен алып шығуға жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтау әуежайында 210 мың долларды контрабандалық жолмен алып шығуға жасалған әрекетке тосқауыл қойылды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ақтау-авиа" шекаралық бақылау отрядының шекарашылар жасағы Ақтау - Мәскеу рейсінен жеке тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген 210 мың АҚШ долларын алып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады. Осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны