23.04.2008, 18:34 3484

Ақтөбе облысында миссионерлік қызметтері үшін "Таблиги Жамаат" қозғалысының жақтаушылары тұтқындалды

Ақтөбе облысында миссионерлік қызметтері үшін "Таблиги Жамаат" қозғалысының жақтаушылары тұтқындалды

Ақтөбе. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында заңсыз миссионерлік қызметтері үшін "Таблиги Жамаат" діни қозғалысының төрт жақтаушысы тұтқындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев хабарлады.

"Ол төртеуі 25 пен 40 жас аралығындағы Алматы облысының тұрғындары. Олар Шалқар ауданында пәтер жалдап тұрып, әр үйдің есігін жағалап жүріп жергілікті тұрғындар арасында өздерінің уағыздарын айтқан", - деп хабарлады А. Иманғалиев.

"Кез келген миссионерлік қызметті жүргізу үшін заңды рұқсат алу керек. Оның ішінде облыстың бас имамының қолы қойылған облыстық мұсылмандар мешітінің рұқсаты болуы шарт. Бұл қонақтарда мұның ешқайсысы болмаған", - деп атап көрсетті А. Иманғалиев.

Нәтижесінде полиция жиналған материалдарды ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 375 бабы (Діни сенім және діни бірлестіктер еркіндігі жөніндегі заңды бұзу) бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін прокуратураға тапсырды.

Ақтөбе облысында жыл басынан бері заңсыз миссионерлік қызметтің 11 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде бесеуі евангелиялық христиан-баптистерге қатысты болса, үшеуі "Таблиги Жамаатқа" байланысты.

Ұлыбритания сарапшысы Алекс Алексиев атап көрсеткендей, "Таблиги Жамаат" қозғалысының негізін 1927 жылы Дели қаласының маңындағы Меват деген жерде молла Мұхаммед Ільяс Кандехлеви қалаған.

Ең басынан бастап қозғалыс пәлсапасы өзінің радикализмімен ерекшеленген. Атап айтсақ, діни сенімнің кез келген басқа түрлеріне төзбеушілігі (оның ішінде Исламның шииттік тармағы да бар), дамыстың кез келген түрін Исламмен үйлеспейді деп есептеу, әйелдерді қоғамдық өмірден аластату, сондай-ақ, Ислам әлемнің барлық басқа діндерін ысырып шығаруы керек деген керағар сенім. "Таблиги Жамаат" Исламдық тұрғыдан алып қарағанда мемлекетті легитимді құрылым ретінде қабылдамайды. Францияның аталмыш мәселе жөніндегі маманы Марк Габорионың айтуынша, қозғалыс мақсаты - жихад күшімен әлемді жоспарлы түрде жаулап алу.

"Таблиги Жамаат" өз мүриттерінен тек Аллаға ғана адал болуды, құдайға құлшылық етудің тиісті түрін сақтауды, діндестерін құрмет тұтуды және Ислам дініне қарату мақсатында уағыз айтуды міндеттейді. Бүкіл діни әдебиеттерден қозғалыс жолын қуушыларға міндетті түрде тек Құран мен ХХ ғасырдың 20 жылдарында молла Ільяс жазған 7 мәтінді оқуды тапсырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны