15.07.2009, 15:35 2429

Ақтөбе облысында мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен елден шығарумен айналысқан екі компания мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірді

Ақтөбе облысында мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен елден шығарумен айналысқан екі компания мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірді

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен елден шығарумен айналысқан екі компания мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық шығару мемлекетке миллиондаған теңге залал келтіруде",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында "КНПЗ-Трейд" және "Вернай Ойл Казахстан" ЖШС директоры мен аталмыш кәсіпорындардың басқа да басшыларынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді. Олар композит деп рәсімдеу арқылы жалпы кедендік құны 901 млн теңгенің шикі мұнайын шет елге заңсыз шығарған.

"Оған қоса, қылмысты ұйымдастырушыға 5 млрд 516 млн теңге кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарды деген айып тағылды. Топтың 3 қатысушысы сотқа тапсырылды, ұйымдастырушы іздеуге жарияланды",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны