30.09.2009, 15:01 5553

Ақтөбе облысында шекарашылар бір килограмға жуық героин әкеле жатқан Тәжікстанның жеті азаматын ұстады

Ақтөбе облысында шекарашылар бір килограмға жуық героин әкеле жатқан Тәжікстанның жеті азаматын ұстады

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында шекарашылар бір килограмға жуық героин әкеле жатқан Тәжікстанның жеті азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қыркүйекте Ақтөбе шекара отрядының шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары жасағы "Жайсаң" станциясында Алматы - Орал бағытындағы пойыздан Тәжікстанның 7 азаматын ұстады. Иісшіл иттерді пайдалана отырып тінткен кезде шекарашылар салмағы 1 килограмм болатын героин болуы мүмкін ақ түсті затты тапты. Есірткі қойылтылған сүттің ыдысына жасырылған. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны