08.09.2011, 11:00 3842

Ақтөбе облысында заңсыз аңшылықпен айналысты деген күдікпен Сирия азаматы ұсталды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаумен айналысқан Сирия азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА-гіне баспасөз қызметінің басшысы Алмат Иманғалиев.

Алматы. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында заңсыз аңшылықпен айналысты деген күдікпен Сирия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаумен айналысқан Сирия азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА-гіне баспасөз қызметінің басшысы Алмат Иманғалиев.

Оның мәліметінше, Шалқар ауданы "Охотзоопром" РМҚМ қызметкерлері тарапынан "Ащыбұлақ" жерінде заңсыз аң аулаумен айналысқан деген күдікпен Мицубиши паджеро автокөлігі тоқтатылған. Автокөлік ішінде Алматыда жұмыс визасымен уақытша тұрып жатқан 48-жастағы Сирия тұрғыны ер кісі мен Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Байсеиіт ауылының 21-жастағы тұрғыны отырған.

Автокөлікте құстарды ұстауға арналған 190 тор, 1 сұңқардың "Балабан" тұтас еті, 12 жабайы кептер мен сұңқардың көзіне кигізуге арналған 13 баскиімі табылып алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, браконьерлер тарапынан мемелкетке 1,1 миллион теңге келтірілген.

Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінде ҚР ҚК 288 бабы "заңсыз аңшылық" бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны