04.05.2008, 13:38 3345

Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары ұлғайды - прокуратура

Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары ұлғайды - прокуратура

Ақтөбе. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары ұлғайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыс прокуратурасында хабарлады.

"Жыл басынан бері 10 жасөспірім өмірмен қош айтысса, өздеріне қол жұмсамақшы болған үш оқиға анықталды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Сұлушаш Қаренова.

Оның сөздері бойынша, "негізі 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өздеріне өзі қол жұмсайды".

Прокуратураның мәліметтері бойынша, мұнай оқиғалар облыс орталығында (4 дерек), Мұғалжар ауданында (3 дерек), Қобда, Айтеке би және Алға аудандарында тіркелді.

"Жағдайды сараптаған қадағалау органдары өкілдерінің пікірінше, от басындағы материалдық жағдайдың нашарлығынан, хал ахуалдың төмендігінен және жасөспірімдердің психикасының тұрақсыздығынан олар өзіне - өзі қол жұмсайды ", - деді С. Қаренова.

Прокуратураның қорытындысында "білім беру жүйесінде осы бағыт бойынша, әрбір мектеп психологы балалармен жеке жұмыс істеу, өз өзіне қол жұмсауға ниетібар жасөспірімдерді анықтау, олардың от басындағы жағдаймен танысу, ата -анасымен тығыз қарым қатынас орнату сияқты жұмыстарды күшейту ұсынылды".

"Шын мәнінде, психологтар осы мақсаттар үшін мектептердің штатына енгізілді", -деп есептейді С. Қаренова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны