08.09.2011, 10:49 3526

Ақтөбе облысында зиратты бүлдіргені үшін жергілікті тұрғын ұсталды

Оқиға орнына келіп жеткен шұғыл-тергеу тобы зираттың бұрыштарына орнатылған төрт жарты айдың және гранит плитаның сынғанын көреді.

Ақтөбе. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында зиратты бүлдіргені үшін жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында тамыз айында мұсылман зиратын қиратқан 25 жасар жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды BNews.kz ақпарат агенттігі тілшісіне Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

"Шалқар ауданы Қауылжыр стансасының тұрғыны стансадан он километр жердегі мұсылман қорымындағы оның анасының зиратын белгісіз біреулер қиратып кеткеті туралы құқық қорғау органына шағым түсірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келіп жеткен шұғыл-тергеу тобы зираттың бұрыштарына орнатылған төрт жарты айдың және гранит плитаның сынғанын көреді. Олардың сынықтары заттық айғақ ретінде алынып, қылмысты іздестіруге кіріседі.

"Көп ұзамай күдікті ретінде сол ауылдың 25 жасар тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 28 тамызда туыстарына қыдырып барғанда әйелдің зиратын көріп, бұрынғы реніштері есіне түскен көрінеді. Сөйтіп ол зиратты қасақана бүлдіргендігін мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген таратылған ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны