09.08.2006, 16:36 3016

Ақтөбе облыстық ІІД мұнай ұрлауға қатысты қылмыстар санының арта түскенін мәлімдейді

АҚТӨБЕ. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық ІІД-нің мәліметіне сәйкес өңірде мұнай ұрлауға қатысты қылмыстар саны арта түсті. Мәселен, облыстың Байғанин, Темір және Мұғалжар аудандарында осындай қылмыстар санының арту ағымы тіркелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық ІІД-нің ақпарына сілтеме жасап.

Мәселен, облыстық ІІД-нің ақпаратына сәйкес, соңғы бір рейд барысында тәртіп сақшылары Байған-Атырау автожолында жалпы салмағы 83 тонна мұнай тиеген "Орал" маркалы 6 автокөлікті ұстады. Мұнайдың бәрі облыстағы бір кеніштен ұрланған болып шықты, оның құны 4 млн. теңгеден асады.

Сонымен бірге Ақтөбе облыстық ІІД-нің қызметкерлері жуырда тағы бір рейд барысында мұнай құбырын заңсыз кесіп мұнай ұрлау оқиғасын әшкереледі.

Тағы бір шара барысында тәртіп сақшылары Темір ауданы Кеңқияқ ауданының 40 жастағы тұрғыны айдаған "КамАЗ" автокөлігі мен Шұбарқұдықтың 3 тұрғынын ұстады. Олар Кеңқияқ-Атырау магистральдық мұнай құбырынан мұнай тонамақ болған. Сонымен бірге оқиға орнынан шикі мұнай ацдаған бірнеше автокөліктің қашып үлгергені белгілі болды.

Байғанин аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері келіп түскен ақпараттың ізімен Байғанин ауданында жүргізген шара барысында Шұбарқұдық пен Ақтөбе тұрғындары айдаған 3 автокөліктен жалпы көлемі 54 текше метр болатын мұнай тапты. "ВАЗ-21213" автокөлігі солармен бірге жүрген. Автокөліктерді тексеру барысында олардың салонынан мұнай құбырына рұқсатсыз тұмсық тығуға мүмкіндік беретін техникалық аспаптар табылды.

Ұсталған жүргізушілер ұрлықты Ақтөбе қаласында тұратын 24 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі екенін айтып берді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық құқық қорғау құрылымдары өңірде жұмыс істейтін бірқатар мұнай компаниялары басшылығының ұстанымына алаңдаушылық білдіреді. Полиция мен прокуратураның мәліметі бойынша, осынша көлемдегі мұнайды тонау шарасын мұнай айдау және мұнай құю кәсіпорындарының қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Демек, тиісті бақылаудың жоқтығы, кей жағдайда тіпті мұнайшылар тарапынан ұрлыққа қасақана жол беру осындай қылмыстың белең алуына жағдай тудырып отыр.

Облыстық ІІД-нің мәліметіне сәйкес, 2005-жылы облыста мұнай және мұнай өнімдерін тонауға қатысты 25 оқиға әшкереленіп, 404 тонна мұнай тәркіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны