25.03.2007, 18:56 3344

Ақтөбеде есірткі таратты деген күдікпен екі тәртіп сақшысы ұсталды

АҚТӨБЕ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде есірткі таратты деген күдікпен екі тәртіп сақшысы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық ҰҚКД қызметкерлері хабарлады.

Ақтөбе облыстық ІІД криминалдық полициясының Сазды бөлімшесінің екі қызметкері 15-наурызда ұсталған. "Тексеру барысында ұсталғандардан героин табылып, есірткі сатудан тапқан ақша тәркіленді",- деді ақпарат көзі героиннің нақты мөлшерін нақтыламай.

ҰҚКД-нің тергеу бөлімі ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз есірткі сату жөніндегі 259-бабының 3-тармағы, "а" және "б" тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны