10.07.2007, 14:39 3058

Ақтөбеде облыстық әкімшілік қызметкері алаяқтығы және пара бергені үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбеде облыстық әкімшілік қызметкері алаяқтығы және қаржы полициясына пара бергені үшін ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура ақпаратына сәйкес, шенеунік Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің ғимаратында ұсталды. Ол қаржы полициясының қызметкеріне 200 доллар көлемінде пара беріп жатқан сәтте қолға түскен. Тергеу барысында мәлім болғанындай, күдікті бұл ақшаны "қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және қалалық әйелге қатысты алаяқтық дерегі бойынша іс қозғамау үшін" бермек болған.

Атап айтсақ, прокуратураның мәліметінше, әкімшілік қызметкері "алдау және сенімге кіру жолымен "Жаңа үй" атты мемлекеттік бағдарлама бойынша екі бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деген желеумен 600 мың теңге мен $1000 иемденіп алған". "Алайда, алданған ақтөбелік әйел артынан Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне жүгінген. Сөйтіп күдікті қаржы полициясының қызметкерін сатып алуға әрекет жасады", - деп хабарлайды қадағалаушы орган.

Қазірде Ақтөбеде облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті ұсталғанның үстінен алаяқтық және пара беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны