04.04.2008, 17:15 3109

Ақтөбеде шіркеу күзетшісін өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды

Ақтөбеде шіркеу күзетшісін өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды

Ақтөбе. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде шіркеу күзетшісін өлтіру ісі бойынша мектеп оқушыларына үкім шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Ақтөбе облыстық сотының үкімімен осы іс бойынша басты күдікті болған Ақтөбе қаласының №22 орта мектебінің 17 жастағы оқушысы кінәлі деп танылды. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге оның 17 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны болып табылатын сыбайласын сот 6 жылға бас бостандығынан айырды.

"Сотталғандар өздерінің мерзімдерін жалпы режимдегі тәрбие колониясында өтейтін болады", - деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 2-қарашасында Ақтөбеде таңғы сағат 8 шамасында қасиетті Михаил Архангел шіркеуінің ғимаратында 71 жастағы күзетшінің мәйіті табылған болатын. Оның өліміне күдікті ретінде №22 орта мектептің екі оқушысы тұтқындалған-ды.

Тергеу амалдары анықтағандай, 2 қарашаға қараған түні күдіктілер ұрлық мақсатында шіркеуге кіріп, сейфті бұзып, шамамен 500 мыңдай теңге жымқырған. Ақшадан басқа арам ойлылардың қанжығасында қала тұрғындарының қайырымдылығынан түскен 143 мың теңге сомасындағы зергерлік бұйымдар да кеткен.

Күдіктілер кетпекші болған кезде оларды күзетші байқап қалған. Сол кезде жасөспірімдердің бірі оның басынан бірнеше рет арматурамен ұрған. Алған жарақаттарының салдыран жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны