04.05.2010, 15:38 3294

Ақтөбелік көлік прокурорлары вагон-мейрамханалардағы санитарлық нормаларды бұзушылықтарды анықтады

Ақтөбелік көлік прокурорлары вагон-мейрамханалардағы санитарлық нормаларды бұзушылықтарды анықтады

Ақтөбе. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбелік көлік прокурорлары вагон-мейрамханалардағы санитарлық нормаларды бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Батыс өңірлік көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалаушы органның ақпаратына сәйкес, прокуратура Батыс аймақааралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандарын тарта отырып теміржол көлігінде Ақтөбе -Алматы- Ақтөбе бағытында қатынайтын №24/23 жолаушылар пойызындағы вагон-мейрамханаларға ұжымдық хатқа байланысты тексеру жүргізген. Тексеру барысында санитарлық нормалар мен еңдек заңнамасын бұзушылықтар анықталды.

"Тексеру барысында белгілі болғанындай, тендер нәтижесіне сәйкес вагон-мейрамханаларда жолаушыларға қызмет көрсету құқығы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен арадағы шарт бойынша жалға алушы "Тулешов" ЖК-ына берілген. Тиісінше, жалға алушыға Қазақстан заңнамаларындағы нормалармен регламенттелген талаптарды сақтау міндеттемелері жүктелген. "Тулешов" ЖК тарапынан келісімнің шарттары лайықты орындалмаған. Сөйтіп, вагон-мейрамханаларда қызмет етушілердің конституциялық құқықтары бұзылған", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Атап айтсақ, жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексін бұза отырып, вагон-мейрамханаларға 30 жұмысшыны еңбек шартына қол қоймастан қабылдаған, тиісті бұйрықтар шығарылмаған, олардың өмірі мен денсаулығы сақтандырылмаған. Жұмысшыларға жалақы да төленбеген.

Сондай-ақ, №63007 вагон-мейрамханадағы тоңазытқыш жабдық тексеру кезінде жұмыс істемей тұрған. Тез бұзылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін мал дәрігерлік куәліктер алынбаған. Сатылатын азық-түлік өнімдеріне СЭС қорытындысы алынбаған.

"Азық-түлік өнімдерін вагон-мейрамханалардың қызметкерлері жол жөнекей станциялардан тиісті құжаттарсыз алынып отырған. Барлық азық-түлік өнімдерінің сәйкестік сертификаты болмаған. Сондай-ақ, Ақтөбе станциясындағы айналым бөлімшесінде азық-түлік өнімдері мен шикізатты сақтауға арналған қоймалар мен вагон-мейрамханалардың жабдықтары болмаған", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша Ақтөбе көлік прокуратурасы Батыс аймақааралық теміржолдағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының директорының атына аталған заң бұзушылықтар жойылмайынша, №63007 вагон-мейрамхананы пайдалануды тоқтата тұру туралы таныстыру енгізді. Сондай-ақ, заң бұзушылықты жою жөнінде 4 әкімшілік іс қозғалып, 2 таныстыру жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны