27.09.2023, 12:32 39326

Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады
Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды
Сурет: Depositphotos
Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Украинаның Әділет заразминистрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат "М" Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.

Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.

2019 жылы "М" азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.

Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды - деп Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны