06.02.2008, 15:12 2838

Алдағы жылдары Қазақстанда бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өтеді - Назарбаев

Алдағы жылдары Қазақстанда бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өтеді - Назарбаев

Астана. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алдағы жылдары біздің еліміз үшін ғаламдық маңызы бар бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізу қажет, деп мәлім етті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында жыл сайынғы халыққа жолдауында, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сөз 2009 жылы әлемдік дәстүрлі дін жетекшілерінің үшінші құрылтайы, 2010 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес , 2009 жылы ЕҚЫҰ басқарушы "үштігіндегі" жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету туралы болып отыр",- деп түсіндіріп өтті ол.

"Қазірден бастап ұйымдастыру тұрғысынан да, мазмұн тұрғысынан да айтарлықтай дайындық жұмыстары қажет",- деп санайды президент. "Бұл Сыртқы істер министрлігі мен үкіметтің ғана емес, барлық мемлекеттік басқару органдарының міндеті",- деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны