23.05.2014, 22:47 3063

Илем орта мерзімдік экономикалық өсімнің төмендеуіне дайын болуы тиіс - Елбасы

Елбасы атап өткендей, Қазақстан орта мерзімдік перспективада экономикалық өсім біршама төмендейтіндігіне дайын болуы қажет. Егер де 2000-2007 жылдар аралығында әлемдік экономика орташа көлемде 4 пайыздан жоғары қарқынмен өссе, алдағы жылдары өсім 2,5-3 пайыз деңгейге дейін төмендеуі мүмкін.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Илем орта мерзімдік перспективада экономикалық өсім біршама төмендейтіндігіне дайын болуы керек. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Илеуметтік шиеленіс жағдайында экономикалық-әлеуметтік және саяси қақтығыстар жиілеп, нағыз әскери операциялар мен шынайы экономикалық санкциялар енгізуге ұласты. Қазіргі кезде әлем шиеленістердің өршіп кету және әскери күш-қуаттың еселену кезеңіне тап болып отыр. Мұндай жағдайда ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген дүниенің барлығы құрдымға кетуі мүмкін. Біз проблеманы шешуге емес, одан әрі ушығуына алып келетін қақтығыстарға жағдай жасап отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, Қазақстан орта мерзімдік перспективада экономикалық өсім біршама төмендейтіндігіне дайын болуы қажет. Егер де 2000-2007 жылдар аралығында әлемдік экономика орташа көлемде 4 пайыздан жоғары қарқынмен өссе, алдағы жылдары өсім 2,5-3 пайыз деңгейге дейін төмендеуі мүмкін.

"Еуропадағы жағдайдың да жақсармай жатқанын көріп отырмыз. Еуроаймақтағы жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы 2 есеге дейін қысқарды. Сонымен қатар, АҚШ-тың экономкасында да проблемалар туындауда. Зерттеулер көрсеткендей, жалпы ішкі өнім өсімі 0,2 пайзызды ғана құрап отыр", - деді ол.

Елбасы сондай-ақ, дүниежүзі бойынша 200 млн адам жұмыссыз, 1,5 млрд адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және уақытша жұмысшылар екендігін атап өтті. .

"Бүгінгі күні 1,5 млрд адам күніне бір долларға ғана өмір сүруде, 2,6 млрд адам күніне 2 доллардай ғана табыс табуда. Бұл дүние жүзі тұрғындарының 40 пайызын құрайды.", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны