11.11.2018, 21:38 3732

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теӊге төледі

Бүгінгі таӊда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1374 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оныӊ 638-і - жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 177-ге артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе өсіп, 125,1 млрд теӊгені құрады.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теӊге төледі.

"7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 599,3 млрд теӊге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеӊберінде бекітілген келісімшарт сомасыныӊ 76 пайызы", - деді МСҚ басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Естеріӊізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерініӊ қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардыӊ жалпы сомасы 785,8 млрд теӊге.

"Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерініӊ операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті", - деді Б.Жақселекова.

Бүгінгі таӊда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1374 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оныӊ 638-і - жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 177-ге артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе өсіп, 125,1 млрд теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны