14.04.2010, 13:07 1644

"Альянс банк" басқармаларының бұрынғы төрағасы Ерік Сұлтанқұлов Қазақстанға экстрадицияланған жоқ - ІІМ

"Альянс банк" басқармаларының бұрынғы төрағасы Ерік Сұлтанқұлов Қазақстанға экстрадицияланған жоқ - ІІМ

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - "Альянс банк" басқармаларының бұрынғы төрағасы Ерік Сұлтанқұлов Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Альянс банк" басқармаларының бұрынғы төрағасы Ерік Сұлтанқұлов Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. Қазіргі уақытта мүдделі ведомстволар экстрадициялау материалдарын дайындап жатыр",- деді Қ.Жұманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8 сәуірде Қазақстанның "Интерпол" ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Біріккен Араб Имірліктерінің аумағында одан әрі Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін Ерік Сұлтанқұлов қамауға алынды. Қазақстанның "Интерпол" Ұлттық орталық бюросы "Альянс банктің" бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша қаржы полициясы Сұлтанқұловты өткен жылдың қараша айында халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

Қазіргі уақытта мүдделі ведомстволар экстрадициялау материалдарын дайындап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны