07.01.2017, 14:51 3988

Алматы әкімдігі еліміздіӊ тұрғын үй туралы заӊнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдады

Парламент Мәжілісініӊ депутаттары мен Алматы қаласы әкімдігініӊ жұмысшы тобы ПИК қызметін ретке келтіру бойынша еліміздіӊ тұрғын үй заӊнамасына өзгерістер енгізу туралы Үкімет пен Мәжілістіӊ қарауына жіберілген ұсыныстарды қарап, талқылады

Алматы. 7 қаӊтар. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ депутаттары мен Алматы қаласы әкімдігініӊ жұмысшы тобы ПИК қызметін ретке келтіру бойынша еліміздіӊ тұрғын үй заӊнамасына өзгерістер енгізу туралы Үкімет пен Мәжілістіӊ қарауына жіберілген ұсыныстарды қарап, талқылады,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматыда бүгінгі күні 8,5 мыӊнан астам көппәтерлі тұрғын үйлер бар және тұрғын үй қорын лайықты ұстау мәселесі қала басшылығы іс- қызметініӊ маӊызды бағытттарыныӊ бірі. Бұл ретте пәтер иелері кооперативтеріне жүктелер міндет зор. Қазіргі кезде қалада 800-ден астам ПИК-тер бар. Сонау 1997 жылы қабылданған "Тұрғын үй қатынастары туралы" заӊ ПИК-тердіӊ жұмысына айтарлықтай өзгерістер әкелген жоқ әрі бұл саланыӊ талапқа сай дамуына ықпал етпеді.

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасыныӊ басшысы Инуар Өскенбаев өзініӊ сөзінде тұрғындар алдында ПИК-тердіӊ жауапкершілігін арттыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі жұмысшы тобыныӊ еліміздіӊ тұрғын үй заӊнамасына өзгеріс енгізу бойынша 29 ұсыныс жасағанын айтты.

"Қаржыны жұмсауда ашықтықтыӊ жоқтығы салдарынан кейбір ПИК-терде әкімшілік шығындарға ақшаныӊ 80%, ал үйлерді ұстап тұруға небәрі 20% ғана жұмсалады. Демек, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заӊға өзгерістер енгізу қажет, сонда ғана ПИК-тердіӊ ағымдағы қаржыларын есептеуге әрі ортақ мүлікті күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалатын шығынды дәл анықтауға болады. Тұрғындардыӊ ПИК төрағаларын ауыстыруға байланысты сот шығындарына қаржы жұмсауын да тоқтатқан жөн", - деді И. Өскенбаев.

ПИК-терге жиналған қаржыны тек тұрғындардыӊ келісімімен ғана жұмсауды міндеттеп, оныӊ тек 50 пайызын ғана әкімшілік шығындарға жұмсауды заӊдастыру қажет. Сонымен қатар, ПИК төрағаларынныӊ өкілеттігі үш жылға дейін ғана ұзартылып, оларды өздеріне қарасты үйлер мен аулаларды, бала бақшаларды, спорт алаӊдарын таза ұстауға міндеттеп, жиналған ақшаныӊ жұмсалуы мен ортақ мүлікті жала беруден түскен қаржыны тексеру үшін Тұрғын үй инспекциясына өкілеттік беру керектігі де айтылды. Сонымен қатар, қаржыныӊ мақсатты жұмсалуын қадағалау, олай болмаған жағдайда ПИК төрағасын ауыстыру және мақсатсыз жұмсалған қаржыны ПИК-ке қайтару үшін сотқа жүгіну үшін Тұрғын үй инспекциясына өкілеттілік беру де ұсынылды.

"ПИК-тердіӊ жұмысына жаӊалықтар енгізіп, олардыӊ тұрғындармен және мемлекеттік органдармен арақатынасын жақсартту қажет. Талқыға салынған ұсыныстардыӊ барлығы орынды. Бұл өзгерістердіӊ барлығын қарайтын боламыз", - деп атап өтті Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Гүлмира Исимбаева.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Серік Құсайынов тұрғын үй қатынастары саласында ПИК-тердіӊ жұмыстары бойынша арыз- шағымдардыӊ көп түсетіндігін жеткізді.

"Біз бұл ұсыныстарды басқа қалаларда да талқылаймыз, одан соӊ олар түрлі мемлекеттік сапраптамадан өтеді, толықтырулар енгізіледі, меніӊше,бұл өзгерістер қолдау табады деген сенімдемін. Өйткені, аталған ұсыныстардыӊ барлығы еліміздіӊ барлық азаматтарыныӊ тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған", -деді С.Құсайынов.

ПИК-тер Ассоциациясыныӊ төрайымы Бибігүл Жүнісбаева да ұсынылып отырған өзгерістердіӊ барлығы ұтымды екенін және заманауи талапқа сай әр тараптыӊ атқаратын міндеттерін нақтылайтындығын қадап тұрып айтты.

Естеріӊізге сала кетейік, өткен жылдыӊ маусым айында Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек осы мәселеге қатысты арнайы жиын өткізіп, өзгерістерді жасап, ұсынатын құрамына мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеӊес мүшелері, ПИК-тер ассоциациясыныӊ өкілдері енген жұмысшы тобын құруды міндеттеген болатын. Ұтымды ұсыныстардыӊ барлығы ПИК-тердіӊ тұрғындар алдындағы жауакпекршілігін арттырумен қатар жиналған қаржыныӊ ашық жұмсалуын қамтамасыз ететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны