27.02.2018, 17:24 5270

Алматы әкімі мен Тбилиси мэрі екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Грузияға жұмыс сапары аясында Тбилисидіӊ мэрі Кахабер Каладземен кездесті

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Грузияға жұмыс сапары аясында Тбилисидіӊ мэрі Кахабер Каладземен кездесті. Тараптар қала кеӊістігін, сауда- экономикалық байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және туризм саласында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Екі жақты кездесу барысында Бауыржан Байбек Грузия Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилмен жүздесті.

Тбилиси мэрімен кездесуде Бауыржан Байбек Алматыда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалардыӊ іске асқанын, логистика, туризм, "Smart city" жобасы салаларында грузиндік бизнесмендер үшін үлкен инвестициялық әлеуеттіӊ қалыптасқанын атап өтті.

"БізТбилисиде қоғамдық кеӊістікті құру қағидаларымен таныстық, өйткені Алматыны дамытудыӊ басты векторы "Қала машина емес, адамдар үшін" принципі болып табылады. Өткен жылы қаланыӊ тарихи орталығыныӊ үштен бірі жаӊарды, биылғы жылы да дәл осындай кеӊістікті қайта жаӊғыртуды жоспарлап отырмыз. Көлікті реформалау белсенді жүруде,автобус паркі жаӊаруда, велосипед инфрақұрылымы дамуда, BRT енгізілуде. ЖРК желісін салу жобасы жасалуда. Алматы экономикасыныӊ жаӊа драйвері деп танылған туристік салада заӊнамалық шешімдер мен маркетинг жоспарлар жасаудағы Грузияныӊ тәжірибесі бізді қызықтырады. Алматы мен Тбилиси арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылғанына биыл 25 жыл толады екен, сондықтан мен 2018 жылдыӊ екі жақты байланысты одан әрі нығайтудыӊ жаӊа кезеӊі болатындығына сенімдімін", - деді Алматы әкімі.

Өз кезегінде Тбилиси мэрі екі ел арасында үнемі жылы әрі бауырластық қарым- қатынастыӊ орныққанын, енді екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтудыӊ маӊызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Каха Каладзе Алматыдағы көлікті тұрақтандыру және тұрмыстық қатқыл қалдықтарды утилизациялау жөніндегі жобаларға қызығушылық білдірді.

"Даму қарқыны жоғары болған сайын мегаполистерде ортақ проблемалар қалыптасады, олар - жеке көлік саныныӊ артуы,инженерлік желілердіӊ тозуы, тұрмыстық қатқыл қалдықтарды утилизациялау. Бұлардыӊ барлығы экологияны нашарлатады, сондықтан бізде де Алматы сияқты қоғамдық көлікті тұрақтандыру жүйесі маӊызды аспект болып табылады. Қазіргі кезде Тбилиси автопаркінде барлығы 700 автобус бар, бірақ біз оны одан әрі жаӊартамыз. Бұдан өзге, жақын арадағы бірнеше жылда ескі қаланы қайта жасауды жоспарлаудамыз. Мен айтылған барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасуды күшейту үлкен потенциалдыӊ бар екеніне сенімдімін", - деді Тбилиси мэрі.

Грузияға жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилмен жүздесті.

Тараптар туризм саласы мен бизнес- климатты жақсарту жөніндегі өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бүгінгі таӊда Грузия Бүкіләлемдік "Doing Business" банкініӊ рейтингінде тоғызыншы позицияда және туристік бағытты дамытуда едәуір алға жылжуда. Тек 2017 жылдыӊ өзінде ғана Грузияда 7,5 млн. астам турист болған.

"Бүгінгі күні Қазақстан Грузияда болған елдердіӊ ТОП-10 қатарына енген. Біздіӊ көптеген отандастарымыз Қазақстанда барып қайтты. Біз ынтымақтастықты және экономиканыӊ туристік кластерін дамыту тәжірибесін алмасуды нығайтуға ниеттіміз", - деп атап өтті Дмитрий Кумсишвили.

Дәл осы күні Алматы делегациясы бір терезе қағидасы бойынша азаматтарға мемлекеттік қызметтіӊ үлкен спектрі көрсетілетін Иділет Үйініӊ жұмысымен танысты. Бұл мекеменіӊ басты ерекшелігі бірқатар мемлекеттік қызметті "Drive-thгu" жүесі бойынша автомобильден шықпай алуға болады екен.

Айта кетерлігі, 2017 жылы Алматы мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артқан. Қалада сауда, қаржы, құрылыс, медицина және басқа салаларда грузиндік капиталмен 51 кәсіпорын жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны