29.06.2017, 19:58 3843

Алматы әкімі жаяу жүргіншілерге басымдық беретін бірқатар көшелерді қайта жасаудыӊ барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊын қайта жасаудыӊ барысын тексерді

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊын қайта жасаудыӊ барысын тексерді. Қайта жасалған көше аумақтарына кеспе тастар төселуде, жасыл желек отырғызылып, кіші архитектуралық формалар, спорт инвентарьлары қойылуда, балалар алаӊдары жасалуда, веложолдар абаттандырылуда, ғимараттарды айшықтайтын жарық көздері орнатылуда. Жобаларда бұрыннан бар жасыл желекті кесу немесе олардыӊ түрін бұзу қарастырылмаған. Көмескі кеӊістікті кеӊейту мақсатында биік ағаштар, қайыӊ, емен және басқалары, мыӊнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.

Мысалы, "Астана" алаӊында көлік қозғалысы жолағы қысқарады, босаған кеӊістіктерге қосымша ағаштар отырғызылады, екі құрғақ субұрқақ пайда болады. Осылайша, жаяу жүргіншілер мен көлік легі екіге бөлінеді, автотұрақ аймағы шектеледі. Алаӊныӊ солтүстік бөлігіне гранит тастар төселеді. Жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Панфилов көшесі Қабанбай батыр көшесінен Жібек жолы жолы көшесіне дейін тек жаяу жүргіншіге арналады, оӊтүстіктен солтүстікке қарай біржақты көлік қозғалысы және арнайы көліктер (жедел жәрдем, өрт сөндіруші) жолағы болуы мүмкін. Яғни, Арбат пен Абай атындағы опера және балет театры алдындағы скверлер жасыл дәліздер арқылы жалғасады. Жаяу жүргінші жолына гранит плиткалары төселеді, ағаштар мен гүлзарлар бой көтереді, демалыс аймағы, ойын және спорт алаӊдары болады, орындықтар қойылады. Жұмысты биылғы жылдыӊ соӊына дейін аяқтау жоспарланған.

Атап өтерлік жайт, көшелерді қайта жасау жұмыстары барысында көне қаланыӊ кеспе тастары табылған. Алматы әкімі архитекторлар мен мердігерлік ұйымдарға көне тастарды сақтауды, олардыӊ кейбірін Панфилов көшесі бойындағы жая жүргінші жолына төсеуді тапсырды. "Осыныӊ барлығы сақталуға тиіс, бұлар біздіӊ сүйікті қаламыздыӊ тарихы" - деді Бауыржан Байбек.

Гоголь көшесі учаскесінде жеке көліктер қозғалысын екі жаққа да бірдей тек бір жолақ арқылы жүргізу қарастырылған, тек арнайы "қалташаларда" ғана көлікті қалдыруға болады. Қоғамдық көлікке жолақ бөлу ұсынылады. Кеӊейтілген жаяу жүргінші аймағына бетонды плиткалардан тротуарлар жасалады, әӊгімелесу, балалар алаӊдары бой көтереді. Бірінші кезеӊде Желтоқсан көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аумақ қайта жасалады.

Қабанбай батыр көшесі Төлебаев көшесінен Масанчи көшесіне дейін кезеӊ бойынша жасалады. Жобада бұл аймақтыӊ бірыӊғай архитектуралық сипат алатыны көрсетілген. Көлік қозғалысы бөлігі шектелмейді, бірақ жаяу жүргінші аймағына көлікті қалдыруға тыйым салынады, автомобиль арнайы жабдықталған "қалташаларда" қалдырылады. Тротуарларды гранитті және бетонды плиткалардан жасау қарастырылған, газондардыӊ тапталмауы үшін бұтақтар отырғызылады, балалар алаӊдары және басқалары ұйымдастырылады.

Қайта жасау аясында Жібек жолы көшесін Қонаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін ұзарту қарастырылған. Жобада бұрынғы келбетін сақтай отырып, Арбат учаскелері жеке функционалды аймақтарға бөлінеді. Отырып демалатын орындар көп болады, бұрыннан бар субұрқақтар қайта жасалады, спорт, балалар алаӊдары пайда болып, кеспе тастар орнына гранит пайдаланылады.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында Рысқұлов даӊғылы мен Құлжа тракты бойындағы жол айрығыныӊ құрылысын да тексерді, "Жас отау" неке сарайыныӊ қайта жасалуын көрді, қалада салынып жатқан "Науаи", "Бастау", "Глория", "Miras Park","Dostyk Residence" сынды бірқатар тұрғын кешендерінде болды. Атап өтерлік жайт, тек соӊғы екі нысанда ғана 80 отандық компания мен 6 мыӊнан астам адам жұмыс істеуде. Мұндағы қазақстандық үлес 70 пайыздан асады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны