20.07.2017, 20:10 4150

Алматы әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Икімшілігініӊ келісімімен Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Бұған дейін әкімніӊ орынбасары лауазымында болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады.

Алматы. 20 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Икімшілігініӊ келісімімен Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Бұған дейін әкімніӊ орынбасары лауазымында болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Румиль Тауфиковке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді, кейін белгілі болатын жаӊа қызметіне табыс тіледі. Атап өтерлік жайт, Румиль Тауфиков жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшылық жасай отырып, қаланыӊ көлік құрылымын реформалауды белсенді жүргізді, жалақы жөніндегі қарызды 1 млрд. теӊгеге азайтып, жұмыспен қамту және миграция мәселесімен айналысты. Төтенше жағдайлар департаментімен бірге төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою, моренді көлдердіӊ таяздануын болдырмау барысында қомақты жұмыстар жүргізді, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұтымды шешімдер қабылдады, денсаулық сақтау басқармасына басшылық жасай отырып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге зор ықпал етті.

Алматы әкімініӊ жаӊа орынбасары болып бұған дейін "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік" ҰК" АҚ-ы басқармасыныӊ төрағасы қызметін атқарған Мұрат Дәрібаев тағайындалды.

Қала әкімініӊ жаӊа орынбасары мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист, Алматы автожол институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдаған.

Түрлі жылдары Қостанай облысы әкімініӊ орынбасары, ҚР Президенті Икімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы, ҚР Индустрия және сауда министрлігініӊ өнеркәсіп Комитетініӊ төрағасы, ҚР Президенті Икімшілігі әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімі меӊгерушісініӊ орынбасары, "Бүркіт"Мемлекеттік авиакомпания" РМК директорыныӊ бірінші орынбасары, ҚР Президенті Икімшілігініӊ Қауіпсіздік Кеӊесі Хатшылығыныӊ бас инспекторы, аппарат басшысы, ҚР Индустрия және сауда министрлігініӊ кәсіпкерлікті дамыту департаментініӊ директоры, ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктіӊ көлікті реттеу және телекоммуникация жөніндегі департамент директоры, ҚР индустрия және сауда министрлігі шағын бизнесті қолдау жөніндегі Комитет төрағасыныӊ орынбасары, ҚР Президенті Икімшілігі әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімініӊ сектор меӊгерушісі және басқа да қызметтерді атқарды.

Атап өтерлік жайт, Мұрат Дәрібаевтіӊ басшылығымен "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік" ҰК" АҚ-ы 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша алғаш рет 3,4 млрд теӊге көлемінде пайдаға қолжеткізді. Соӊғы жылы 423,8 млн теӊге салық төленді, ал 2015 жылы төленгені небәрі 41,7 млн. теӊге болатын. ИКК-ніӊ 2017 жылғы алғашқы жартыжылдығыныӊ қаржы-экономикалық қызметініӊ алдын ала жасалған қорытындысы бойынша 611,4 млн. теӊге көлемінде табыс түскен, ал бұған ұтымды басшылықтыӊ арқасында қол жетті.

Соӊғы 2 жыл ішінде ИКК экология (автотранспортты газға көшіру), жол қауіпсіздігін қамтамасыз (камералар) ету, абаттандыру және басқа мәселелер бойынша инвестициялық жобаларды белсенді түрде жүзеге асырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны