02.02.2009, 16:27 2926

Алматы әуежайында 2008 жылы заңсыз әкелінген 102 кг-нан аса күміс және алтын әшекейлік бұйымдары ұсталған

Алматы әуежайында 2008 жылы заңсыз әкелінген 102 кг-нан аса күміс және алтын әшекейлік бұйымдары ұсталған

Алматы. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Алматы әуежайында 2008 жылы заңсыз әкелінген 102 кг-нан аса күміс және алтын әшекейлік бұйымдары ұсталған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 29-шы қаңтарында Алматы қаласының халықаралық әуежайында Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерімен Стамбул-Алматы рейсі арқылы келген, 39 жастағы Түрік азаматы ұсталған. Нақты азаматтың екі орынды жүгін тексермелеу барысында мәлімделмеген және декларацияланбаған 58,5 кг ақ металдан жасалған зергерлік бұйымдар табылған, күміс құны шамамен 19980 АҚШ долларына бағаланады. Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалған. Қылмыстық істі қозғау туралы сұрақтарды шешу үшін істі қарау жүргізілуде. Осы секілді контрабанданы Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері халықаралық әуежайда бірінші рет ұстап отырған жоқ. Мысалы, 2008 жылы заңсыз әкелінген 102 кг-нан аса күміс және алтын әшекейлері ұсталған.

Осыған қоса, үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Пекин-Алматы әуе рейсін ресімдеу кезінде 15 қара күзен тонын заңсыз әкелуге тырысқан Қазақстанның 48 жастағы азаматы ұсталған, ол кедендік мәлімделмеген және декларацияланбаған.

Сонымен қатар 2009 жылдың 26-шы қаңтарында Алматы-Стамбул бағытындағы әуе рейсін кедендік ресімдеуде Түрік азаматы кедендік бақылаудан өткеннен кейін одан 41600 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған шетел валютасы табылған және ол алынған.

Осы фактілер бойыншада қылмыстық іс қозғау жайы шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны