02.03.2007, 14:10 3098

Алматы қалалық прокуратурасы "Алматыжерге" жер телімдерін тәркілеп алу құқығын беру туралы қалалық әкімшіліктің қаулысына қарсылық білдірді

Алматы қалалық прокуратурасы "Алматыжерге" жер телімдерін тәркілеп алу құқығын беру туралы қалалық әкімшіліктің қаулысына қарсылық білдірді

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы қалалық прокуратурасы жер телімдерін тәркілеп алу схемасына "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын енгізу туралы қалалық әкімшіліктің қаулысына қарсылық білдірді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының таратқан тұрғын үй және жер заңын бұзу дерегі туралы мәліметтер көрсетілген құжат мәтінінен белгілі болды.

"Алматы прокуратурасы 2007 жылдың 1-ақпанында Алматы әкімшілігінің № 3/780 қаулысына (Алматы қаласындағы жер телімдеріне құқық беру ережелері) қарсылық білдіріп, оның күшін жоюды талап етті",- делінген құжатта.

Бас прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, аталмыш қаулыға Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2006 жылдың 9-маусымында қол қойған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Алматы қаласындағы "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен Астанадағы осы тектес "Пәтерлер бюросы" кәсіпорынының қызметі заңға қайшы, деп мәлімдеген.

Прокурордың сөздеріне сүйенсек, аталмыш кәсіпорындардың қызметі құрылыс фирмалары мен азаматтардың арасындағы делдалдыққа негізделген, ал жер заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы меншік иесімен оған келген шығын төлемақысы туралы өз бетімен келісім жасауға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны