04.02.2010, 18:34 2988

Алматы қалалық ҰҚКД төрағасының бұрынғы орынбасарының тұтқындалуы "Қазавиаспас" мекемесінде отын ұрлауға қатысты қылмыстық іске байланысты - Бас прокуратура

Алматы қалалық ҰҚКД төрағасының бұрынғы орынбасарының тұтқындалуы "Қазавиаспас" мекемесінде отын ұрлауға қатысты қылмыстық іске байланысты - Бас прокуратура

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қалалық ҰҚКД төрағасының бұрынғы орынбасары Серік Асайыновтың тұтқындалуы "Қазавиаспас" мекемесінде отын ұрлауға қатысты қылмыстық іске байланысты. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қалалық ҰҚКД төрағасының бұрынғы орынбасары Серік Асайыновтың ұстінен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс қаржы полициясына беріліп, оны тұтқындауға санкция берілді", -деді Н. Сүйіндіков.

Оның айтуынша, бұл ""Қазавиаспас" мекемесінде отын ұрлауға қатысты қылмыстық іске байланысты".

Бұдан бұрынсда хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, "ҚР ТЖМ "Қазавиаспас" РМК лауазымдық тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Олардың үстінен мемлекетке 1,5 млн теңгенің шығынын келтіре отырып Алматы - Павлодар - Алматы бағытында чартерлік авиарейс ұйымдастыру барысында авиаотын ұрлау дерегі бойынша қозғалған. Сондай-ақ, тергеу барысында белгілі болғанындай, ұшу сапарының құны 4,5 млн теңге бола тұра "Қазавиаспас" РМК кассасына небәрі 975 мың теңге түскен. Ұшаққа құйылған 13 тонна отынның құны да РМК есебінен төленген", - деді М. Жұманбай.

Осы орайда оның айтуынша, " Алматы қалалық ҰҚКД төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ишімов пен Асайыновқа қатысты қаржы полициясы органдары қылмыстық іс қозғаған жоқ".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы қалалық ҰҚКД төрағасының бұрынғы орынбасары Серік Асайынов, лауазымды тұлға бола тұра, Павлодар облысындағы бір ауылда құны шамамен 1,5 млн доллар тұратын ауқымды мешіт тұрғызған, ал өңірлік әкімдіктің сайтында күш құрылымының қызметкері кәсіпкер ретінде көрсетілген.

"Время" газетінің хабарлауынша, мешіт салтанатты жағдайда ашылған, бұл рәсімге Алматыдан ішінде аса ықпалды адамдары бар чартерлік рейс жіберілген. Ұшу сапары ҚР ТЖМ "Қазавиаспас" РМК ұшағымен жүзеге асырылған, деп жазылған мақалада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны