10.07.2017, 21:43 3752

Алматы қаласы Жетісу ауданыныӊ жаӊа әкімі тағайындалды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жетісу ауданыныӊ активіне ауданныӊ жаӊа әкімін таныстырды. ҚР Икімшілігініӊ және Алматы қаласы мәслихатыныӊ келісімімен ауданныӊ жаӊа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жетісу ауданыныӊ активіне ауданныӊ жаӊа әкімін таныстырды. ҚР Икімшілігініӊ және Алматы қаласы мәслихатыныӊ келісімімен ауданныӊ жаӊа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды.

Мұхтар Тәжібаев - мемлекеттік қызметті 1993 жылы Туризм, денешынықтыру және спорт министрлігініӊ бөлім инспекторы ретінде бастаған.

1997-1998 жылдары Алматы қаласы ТЖ басқармасында жетекші маман, сектор меӊгерушісі болған.

2001-2010 жылдар аралығында қалалық жалпы білім беру мекемелерінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдар аралығында "Нұр Отан" партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары болған.

2012 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімініӊ орынбасары қызметін атқарған.

Естеріӊізге сала кетейік, ауданныӊ бұрынғы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еӊбек инспекциясы және көші-қон басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалған еді.

Жетісу ауданында соӊғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21%-ға артты, өндіріс өнімі 30 млрд. теӊгеге (22%) жетті, негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке бала бақшалар мен 11 миниорталықтар ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны