25.05.2015, 17:49 3878

Алматы қаласында екінші рет Халықаралық Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық апаттарды болдырмау жөнінде курстары өтуде

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен НАТО-ныӊ Азаматық қорғау топтарыныӊ арасындағы өзара келісімі туралы Меморандумға сәйкес Алматы қаласында 2015 жылдыӊ 25-29 мамыры аралығында "Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) апаттарды болдырмау жөніндегі ХБРЯ инциденттеріне алғашқы кезекте әрекет ету нұсқаушыларына арналған Халықаралық курстар" өтеді.

Алматы. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен НАТО-ныӊ Азаматық қорғау топтарыныӊ арасындағы өзара келісімі туралы Меморандумға сәйкес Алматы қаласында 2015 жылдыӊ 25-29 мамыры аралығында "Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) апаттарды болдырмау жөніндегі ХБРЯ инциденттеріне алғашқы кезекте әрекет ету нұсқаушыларына арналған Халықаралық курстар" өтеді. Өткен жылы осындай Халықаралық курстар Қазақстанда тұӊғыш рет ұйымдастырылған болатын, оныӊ жоғары деӊгейде өткенін НАТО-ныӊ Азаматық қорғау тобыныӊ өкілдері ерекше атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық курс өткен жылғыдай биыл да ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ "Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы" ЖШС базасында ұйымдастырылады. Халықаралық курстыӊ ұйымдастырылып, өткізілуіне Алматы қаласы Төтенше жағадайлар департаменті белсене ат салысты. Биыл курсқа қатысушы ретінде Норвегия, Болгария, Армения, Изірбайжан, Грузия, Украина, Қырғызстан мемлекеттерініӊ өкілдері, сондай-ақ ҚР ІІМ құрылымдарынан қазақстандық құтқарушылары қатысады.

Курстыӊ ашылу салтанаты 25 мамыр күні өтті. Ашылу салтанатын ҚР ІІМ Төтеншще жағдайлар комитеті төрағасыныӊ орынбасары генерал-майор Жасұлан Джумашев пен НАТО-ныӊ Азаматық қорғау тобыныӊ басшысы Рагнер Бо кіріспе сөзбен ашты. Олар халықаралық курстыӊ мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды.

Сабақ барысында шетелдік құтқарушылар өз елдерініӊ Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық апаттардыӊ алдын алу мен жоюдағы жеткен жетістіктерін айтып өтті. Қазақстан Республикасы құтқарушылары атынан Алматы қаласы ТЖ Департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасыныӊ бастығы подполковник Е. Алпысбаев өз дәрісін ұсынды.

Курстыӊ аясында шетелдік құтқарушылар қазақстандық әріптестерініӊ халық пен аумақты радиацияныӊ таруынан, химиялық уланудан, аса қауіпті індеттердіӊ таралуынан қорғау бағытындағы іс-тәжирибелерімен танысатын болады.

Теориялық білімді шыӊдау үшін тыӊдаушылардыӊ назарына бірқатар практикалық іс-шаралар ұсыналды. 27-28 мамыр күндері 26237 әскери бөлімніӊ полигонында, "Карлсберг Қазақстан" ЖШС аумағында "Радиациялық және химиялық қауіп аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу" тақрыбында тактикалық-оқу-жаттығу өтеді. Жаттығу барысында апат ошағында барлауды жүргізу, зардап шеккендерді апат аумағынан алып шығып, оларға алғашқы дәргерлік көмек көрсету, залалсыздандыру жұмыстары көрсетіледі. Жаттығу соӊында тыӊдаушылар қазақтандық құтқарушылардыӊ тыныс-тіршілігімен танысып, құтқару құралдары мен аспаптары, арнайы техника үлгілерін көріп, тамашалайды. Былтыр курс НАТО елдерінен келген тыӊдаушылар қазақстандық құтқарушылардыӊ үздік дайындық деӊгейі мен жетістіктерін жоғары бағалаған болатын.

Курстыӊ соӊында оқытудыӊ жалпы қортындысы жарияланып, тыӊдаушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылады. Өткен жылғы курста дәріс алған шетелдік қонақтар Қазақстан тарапына курстыӊ өте жоғары деӊгейде ұйымдастырылып өткеніне өз ризашылықтарын білдірді.

Алматы қ. ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны