28.04.2018, 00:54 4752

Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына заӊсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесі бойынша мүше-мемлекеттердіӊ құзырлы органдары басшылары Үйлестіру кеӊесініӊ 21 отырысы өтті

2018 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ төрағалығын Қазақстан Республикасы жүзеге асырады.

Алматы. 28 сәуір. KazakhstanToday - Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына заӊсыз көші-қонға қарсы күрес мәселесі бойынша мүше-мемлекеттердіӊ құзырлы органдары басшылары Үйлестіру кеӊесініӊ 21 отырысы өтті.

2018 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ төрағалығын Қазақстан Республикасы жүзеге асырады.

Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер, атап айтқанда Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларуссия, Қырғызстан және Тәжікстан елдерініӊ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасыныӊ делегациясы Ішкі істер министрініӊ орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаевтыӊ басшылығымен қатысты.

"Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы Ресей Федерациясы бағытында транзиттік мемлекет болғандықтан виза және шекара асып өту төӊірегінде біршама мәселелер туындайды. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасыныӊ көші-қон заӊнамаларын жетілдіру мақсатында және шетел азаматтарыныӊ ел аумағына келу процесстерін жеӊілдету үшін бірқатар өзгерістер енгізілгендігі талқыланды. Қазақстанға инвесторлар мен туристерді көптеп тарту үшін көші-қон рәсімдері жеӊілдетіліп, ел аумағына заӊсыз келетіндерге қатысты заӊ талаптары күшейтілді. Атап айтсақ, өткен жылы Қазақстан Республикасыныӊ көші-қон заӊнамасын бұзған үшін 109 мыӊ 872 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 мыӊ 685 азамат сот шешімімен ел аумағынан аластатылды", - деп мәлімдеді Ерлан Тұрғұмбаев.

Отырыста ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердегі көші-қон жағдайына қатысты мәселелер, заӊсыз көші-қонға қарсы жүргізілген шаралардыӊ тиімділігі, Тәжікстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ шекаралас аудандарында қалыптасқан жағдайлар жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, ірі халықаралық және спортттық іс-шараларға дайындық және өткізу кезіндегі (Қазақстан Республикасындағы "ЭКСПО-2017" көрмесі және Ресей Федерациясындағы футбол бойынша ИЧ-2018) заӊсыз көші-қонныӊ жолын кесу, көші-қон саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз бойынша жұмыс тәжірибесі зерделенді. ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердегі көші-қон саласында редамиссия туралы келісімшарт және басқа да екіжақты келісімдер жасасу бағытындағы тәжірибелер де ортаға салынды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны