27.09.2011, 14:52 3766

Алматы қаласының полицейлері кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған Өзбекстан азаматтарын ұстады

Алматыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін үш оралман қамауға алынған. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлаған.

Алматы. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының полицейлері кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған Өзбекстан азаматтарын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін үш оралман қамауға алынған. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлаған.

Баспасөз парағында көрсетілгендей, шабуыл жасағандар - Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласында туған үш азамат. Олардың екеуі - 25, біреуі - 26 жаста. Қылмыскерлер Алматыда "Шаңырақ" шағын ауданында тұрған.

"Оларды тұтқындағаннан кейін күдіктілердің осы қылмысқа қатысы барлығын көрсететін айғақ заттар алынды. Дегенмен, олар мұны жоққа шығарып отырған жоқ және жауап алу кезінде бүге-шігесіне дейін баяндайды. Қазіргі таңда ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олардың бірі бұдан бұрын топтық тонауға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандардың үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп баспасөз қызметі Алматы қаласы ІІД Қылмыстық полиция басқармасының қарақшылық шабуылды және тонауды ашу бөлімінің бастығы полиция майоры Жанболат Зияддиннің сөзінен үзінді келтіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны