05.04.2011, 17:14 4512

Алматы қаласының полицейлері ұйымдасқан қылмыстық топты жойды

Алматы қаласының полицейлері бірқатар өте қаупті қылмыстар жасаған ұйымдасқан қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласының полицейлері бірқатар өте қаупті қылмыстар жасаған ұйымдасқан қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы полициясы жедел-іздестірудің кешенді шараларын өткізу барысында "Қалқаман" ықшамауданында екі азаматты өлтіріп, ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстаған.

Естеріңізде сала кетсек, 30-наурыз күні "Қалқаман" ықшамауданында атыс болып, екі адам мерт болған болатын.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Е.Тұрғымбаев тәртіп сақшылары соңғы 4-5 күнде күдіктілердің ізіне түсіп, олардың 3-ші ықшамауданда пәтер жалдап тұрып жатқанын және қарулары бар екендігін анықтағандығын айтып өткен.

"Сәуірдің 4-і күні сағат 20.00 ҚР ІІМ-нің "Сұңқар" арнаулы бөлімшесі жауынгерлерінің қатысуымен Иуезов ауданына қарасты бір үйден аталған қылмыстық топты құрықтау операциясы жүргізілді. Операция барысында қылмыскерлер қарсылық көрсетіп, қару қолданды. Нәтижесінде екеуі мерт болып, үшіншісі ұсталды. "Сұңқар" жауынгерлерінің үшеуі жарақат алып, қазіргі уақыттта ем қабылдап жатыр", -дейді ІІД-нің бастығы.

Сонымен қатар ол қылмыскерлер жасырынған үйдің ешбір тұрғыны зардап шекпегендігін, операцияға өте жоғары дайындықта барғандықтарын айтып өтті.

"Аталған қылмыстық топтың басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. 2009 жылы олар Алматы қаласында учаскелік инспектор Дәулет Қасымовты жұмыс орнында атып кеткен, сондай-ақ осы жылдың 17 ақпанында Александр Бодров деген емшіні өлтірген. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда",-деп атап өтті өз сөзінде Ерлан Тұрғымбаев.

Бұл қылмыстық топты Қарақалпақстаннан келген 1975 жылғы Рузимбай Ишимбетов басқарған, сонымен қатар Қадыров және Ниязов сынды нөкерлері болған.

Тәртіп сақшылары қылмыстық топты құрықтау кезінде көптеген қару-жарақ пен полиция қызметкерлеріне тиесілі куәлік пен киім-кешектер тәркілеген. Аталған қылмыстық топтың дайындығы өте жоғары болған, олар тіптен ұялы телефонды пайдаланбай, рациямен ғана сөйлесіп отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны