03.02.2010, 12:40 1662

Алматы қаржы полициясы төрағасының бұрынғы орынбасары өз өтініші бойынша қызметтен кетті

Алматы қаржы полициясы төрағасының бұрынғы орынбасары өз өтініші бойынша қызметтен кетті

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Айдын Жантелеев өз өтініші бойынша қызметтен кетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бас прокурата Айдын Жантелеевтің іс-әрекеттерінен қылмыстық құрам анықталмауға байланысты қылмыстық істі тоқтатты. Жантелеевті қаржы полициясы органдарынан кері себептермен жұмыстан шығаруға құқықтық негіздер болған жоқ, өйткені тергеу барысында оның кінәсіздігі анықталды. Амбулаториялық емдеуден кейін қызметке кіріскен Жантелеев өз өтініші бойынша қызметтен кетуге рапорт берді, ол қанағаттандырылды. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Ерлан Жалмағамбетов тағайындалды", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны