25.04.2014, 19:32 3570

Алматы мен ЕҚҚДБ қызметтестігін арттырады

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Еуропаның Қайта құру және даму банкі инфрақұрылымының басқарушы директоры Томас Майер бастаған делегацияны қабылдады.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Алматы әкімі Ахметжан Есімов Еуропаның Қайта құру және даму банкі инфрақұрылымының басқарушы директоры Томас Майер бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында аталған банктің мегаполистің бірқатар жобаларына - тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің қазіргі заманғы полигонын, жеңіл рельсті көлік желісін салу және сыртқы көше жарығын құру жобаларына қатысуы сөз болды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қала басшысы банкпен біріге отырып жүзеге асыратын бұл жобалардың Алматы үшін аса маңызды екендігін айтты.

"Біздің өзара іскерлік байланысымыз экологияны, транспорт қызметінің сервисін, энергетиканы модернизациялау сияқты әлеуметтік мәселелерге бағытталған. Нәтижесінде, бұл шаралардың барлығы алматылықтар тұрмысын жақсартуға ықпал етеді", - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы аталған банкпен 5 жыл ішінде бірлесіп жұмыс істеу барысында жалпы құны 121 млн АҚШ доллары болатын әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асқанын айтты. Атап айтқанда, өзара іскерлік байланыс нәтижесінде электротранспорттың қозғалмалы құрамы жаңартылды.

Екінші муниципалды автобус паркін ашу қолға алынып, 195 жаңа троллейбус, 400 автобус сатылып алынды, 10 қосалқы станция жаңартылды.

Өз кезегінде ЕҚҚДБ -дің басқарушы директоры Томас Майер бірге жұмыс істеудің екі жаққа да тиімділігін және мегаполиспен қарым - қатынасты одан әрі дамытуға ынталы екендіктерін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны