15.04.2014, 20:35 3835

Алматы облысында 100-ден астам этнос тұрады және 70-тен астам ЭМБ бірлестіктері жұмыс істейді

"Біздің Алматы облысымыз халықтар достығы және келісімімен ерекшеленіп келген. Бүгінгі таңда аймақта 100-ден астам этнос тұрады және түрлі деңгейдегі 70-тен астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді", - деді Г. Кан.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ Алматы қаласындағы филиалында өткен брифингте Алматылық Корей ұлттық орталықтың төрағасы, ҚХА ғылыми-сарапшылар кеңесінің мүшесі Георгий Кан Алматы облысында 100-ден астам этнос тұрады және 70-тен астам ЭМБ бірлестіктер жұмыс істейді, деп хабарлады.

"Біздің Алматы облысымыз халықтар достығы және келісімімен ерекшеленіп келген. Бүгінгі таңда аймақта 100-ден астам этнос тұрады және түрлі деңгейдегі 70-тен астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді", - деді Г. Кан.

Қоғамдық қайраткер Алматы қаласының саясиэтникалық жақтарын атап өтті. Оның мәліметі бойынша қазіргі таңда мегаполисте 120-дан астам этнос өмір сүреді және 30-дан астам этномәдени бірлестіктер белсенді жұмыс істейді.

Г. Канның есептеуінше, этномәдени бірлестіктер Азаматтық қоғам институттарының жұмысына бесенді араласуда.

"Бізде нақты алгоритм бар, біз мемлекеттік тіл, жастармен жұмыс, әлеуметтік блок, ҚХА қызметін жалпы азаматтық институт іспетті кеңейту бойынша нақты мемлекеттік міндеттер шеңберінде іс-шаралар жоспарын жасақтаймыз", - деп Г. Кан түсіндіріп өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны