29.03.2018, 17:42 7032

Алматы облысында агротуризмді қолға алмақ

Туризм басқармасы кәсіпкерлерді аграрлық туризмге көӊіл бөліп, шаруашылық нысандарын туристерге тартымды етуге шақырды

Талдықорған. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында агротуризмді қолға алмақ.

Туристерге сиыр сауу мен шөп шабу қызықты, дейді сарапшылар.

Алматы облысыныӊ аграрлық және өнеркәсіптік әлеуеті тек ауыл шаруашылығын жүргізумен қатар, агротуризмді дамытуға мүмкіндік береді. Мамандардыӊ пікірінше, туризмніӊ бұл түрініӊ болашағы зор, алайда дамытумен ешкім түбегейлі айналыспайды.

Осыған байланысты жақында Талдықорған қаласында "АЙСЕР" және "GREEN VILLA HOTEL" қонақ үйлері кешенінде орналастыру орындары өкілдерінініӊ шеберлігін арттыру және аграрлық туризмді ұйымдастыру бойынша мастер-класс өтті. Шеберлік сағатына қонақ үй мен ауыл шаруашылығы бизнесініӊ 50 жетекшісі мен қызметкерлері қатысты. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов туризмніӊ дамуы салада мамандарыныӊ кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Туризм басқармасында кәсіпкерлерді аграрлық туризмге көӊіл бөліп, шаруашылық нысандарын туристерге тартымды етуге шақырды.

"Қазіргі әлемде адамдарды ауылдар, ондағы табиғат мен ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі қатты қызықтырады. Туристердіӊ ынтасы мен сұранысы жоғары. Осыған байланысты ауыл кәсіпкерлері тиісті жағдай мен қызмет көрсетуді енгізуі маӊызды", - дейді облыстық туризм басқармасы жанындағы Туризм және ақпараттық қызметтер орталығыныӊ кеӊесшісі Вера Ежикова.

Жалпы батыс елдерінде агротуризм өткен ғасырдыӊ 70 жылдарында пайда болды. Статистика бойынша Францияда әрбір үшін турист - ауыл шаруашылығы туристі, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 10%-ті құрайды. Ал Германияда ауыл шаруашылығы туризмініӊ үлесі 4-5%.

"Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде агротуризмді дамытуға болады. Ирбір облыста өзгеше табиғат және ауыл шаруашылығы қызметі ерекше. Соӊғы уақытта туристер сиыр сауу, шөп шабу, картоп егу сынды демалыстыӊ белсенді түрлерін таӊдайды. Сонымен бірге, оларға ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару процесі және оған қатысу үрдісі қызық. Алматы облысы бұл мүмкіндіктердіӊ барлығын ұсына алады", - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туризм кафедрасыныӊ доценті, халықаралық коучерИлия Ақтымбаева.

Ескелді ауданындағы шаруа қожалығыныӊ жетекшісі Раушан Жақұпбаева үшін аграрлық туризм тақырыбы тыӊ және өзекті болып табылады.

"Біз жиырма жылдай мал және өсімдік шаруашылығымен айналысып келеміз. Бірақ ешқашанда шаруа қожалығында аграрлық туризмді дамытуға болатынын ескермеппіщ. Мастер-класста осы бағыттағы білімімізді кеӊейттік",- дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар қонақ үй бизнесі бойынша шеберлік сабағын халықаралық сарапшылар Фабьен Селос (Франция) мен Александр Гусев (Қырғызстан) жүргізді. Тренерлердіӊ сөзінше, сервис мәдениеті мен қызмет көрсету сапасы әрдайым жоғары болып, қызмет көрсету деӊгейі нысанныӊ қалада немесе ауылда орналасуына байланысты болмауы керектігіне назар аударды.

Орталық Азия университетініӊ ҚР Үкіметі және қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі Райхан Сисекенованыӊ айтуынша өӊірде отбасылық туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін қарастыру қажет.

"Текелі - отбасылық туризм үшін қолайлы қала" атты тұжырымдаманы ұсынып отырмыз. Осылайша біз кәсіпкерлер қоғамдастығын отбасылық демалысты ыӊғайлы ету үшін жаӊа қызмет түрлерін енгізуге ынталандырғымыз келеді", - дейді Райхан Сисекенова.

Шеберлік сабағыныӊ қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру жөніндегі халықаралық сертификат тапсырылды.

Айта кетейік, туризм басқармасы Талғар ауданы, Қасқелеӊ қаласы, Талдықорған және Қапшағай қалаларындағы орналастыру мен тамақтандыру орындарыныӊ қызметкерлері үшін оқыту курстары мен тренингтер топтамасын ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар Райымбек ауданында қонақ үйлер мен гид-экскурсоводтар үшін де курстар өткізілді.

Басқарманыӊ ақпаратынша, 2017 жылы туристерге арналған 680 орналастыру орындары тіркеліп, онла 1,5 млн адам демалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны