14.09.2009, 16:45 2728

Алматы облысында АҚШ-тың үш азаматы жергілікті тұрғындармен арадағы төбелес барысында зардап шекті

Алматы облысында АҚШ-тың үш азаматы жергілікті тұрғындармен арадағы төбелес барысында зардап шекті

Талдықорған. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында АҚШ-тың үш азаматы жергілікті тұрғындармен арадағы төбелес барысында зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің аға инспекторы Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.

"Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Бейбітшілік корпусының еріктілеріне қатысты бұзақылық әрекеті тіркелген. Қазақстанға Бейбітшілік корпусының еріктілері ретінде келген, ішінде 5 АҚШ азаматы бар 10 адам дәмханада отырған. Сол жерде олар жергілікті үш азаматпен жаңжалдасып қалған. Жергілікті бір тұрғында жарақаттағыш "Оса" тапаншасы болған", - деді К. Нұрахмет.

Оның айтуынша, төбелес барысында үш ерікті түрлі жарақат алып, оларға аудандық ауруханада көмек көрсетілген.

"Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасының қызметкерлері күдіктілерді бір тәулікте анықтап, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тапанша айғақзат ретінде алынды", - деп хабарлайды ІІД.

"Бұл - жыл басынан бергі Алматы облысында тіркелген шетел азаматтарына қатысты үшінші қылмыс оқиғасы. Осының алдында Дания Корольдігі мен Нидерланды азаматтарына қатысты ұрлық оқиғалары облыстық полицияның күшімен қысқа мерзімде әшкереленген", - деді К. Нұрахмет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны