01.04.2009, 18:26 4624

Алматы облысында арақ-шарап өнімдерін шығаратын астыртын шағын зауыт анықталды

Алматы облысында арақ-шарап өнімдерін шығаратын астыртын шағын зауыт анықталды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Ұлжан ауылында арақ-шарап өнімдерін шығаратын астыртын шағын зауыт анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қаржы полициясы органдарымен бірлесе отырып, Алматы облысының екі тұрғынының Қытайда шығарылған екі зауыт станогының көмегімен арақ-шарап өнімдерін шығаратын астыртын шағын зауыт құрған қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Күдіктілер Алматы қаласындағы Райымбек пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы көтерме сауда базарында майдагершілік тәсілмен шығарған 5 мың бөтелке арақты сатуға әрекет жасап жүрген кезде ұсталды. Илгілердің Ұлжан ауылындағы тұрғылықты жеріндегі тінту кезінде шағын зауыт әшкереленіп, 4 мың дана акциздік марка мен 1 мыңнан астам сатуға дайындалған өнімі бар бөтелкелер тәркіленді ", - деді С. Күсетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны