06.06.2008, 18:08 3197

Алматы облысында "Атом-Антитеррор-2008" оперативті-тактикалық жаттығуы өтті

Алматы облысында "Атом-Антитеррор-2008" оперативті-тактикалық жаттығуы өтті

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Алатау кентіндегі Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтының базасында "Атом-Антитеррор-2008" оперативті-тактикалық жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жаттығу сценарийіне сәйкес, Ұлттық ядролық орталықтың бір ғимаратын бір топ қарулы шетел азаматтары басып алады. Олар Алматы облысының колонияларының бірінде жазасын өтеп жатқан өз жетекшілерінің босатылуын және 15 млн АҚШ долларын талап етеді. Шартты террористер институт қызметкерлерін кепілдікке алып, ядролық реакторды жарып жібереміз деп қорқытады.

Операцияның жүргізілуіне жетекшілік жасаған ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, ҰҚК Антитеррорлық орталығының жетекшісі генерал-майор Иділ Шаяхметовтың хабарлауынша, жаттығуға қатысқандар террорлық әрекеттің салдарының жолын кесу және оны жою барысында штабтық шешімдер қабылдау және ҰҚК, ҚР президентінің Күзет қызметі, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру механизмін іс жүзінде сынақтан өткізген.

"Бүгін антитеррорлық операциялар жүргізу бойынша республикалық және Алматы қалалық оперативтік штабтардың жұмысы көрсетілді. Мен оны жаттығу жетекшісі ретінде оң бағалаймын", - деді И. Шаяхметов.

Жаттығу 2006 жылы АҚШ мен Ресей бастамашы болған Жаһандық ядролық терроризм актілерімен күрес бастамасы аясында өткізілді. Қазақстан бүгінгі таңда 71 мемлекетті біріктіріп отырған Жаһандық бастаманың алғашқы қатысушыларының бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны