14.08.2009, 12:54 3047

Алматы облысында ауылдық округ әкімінің орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында ауылдық округ әкімінің орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында ауылдық округ әкімінің орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы облыстық департаменті ауылдық округ әкімінің орынбасарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311- бабының 1-тармағы бойынша (Пара алу) қылмыстық іс қозғады.

"Ол қорқытып алу арқылы С. есімді азаматтан жер тілімін алып беремін деп 2 мың АҚШ доллар көлемінде пара алу сәтінде ұсталды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны