09.02.2010, 17:04 3553

Алматы облысында Кербұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары пара алған кезінде ұсталды

Алматы облысында Кербұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары пара алған кезінде ұсталды

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Ескелді ауданы Кербұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары пара алған кезінде ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша департаменті кент әкімнің орынбасары аз.Қ. қатысты ҚР ҚК-нің 311- бабының 4- бөлігі "а" тармағы бойынша (Пара алу) қылмыстық іс қозғады. Ол қорқытып пара алу арқылы А. есімді азаматтан жер тілімін бөлу үшін 115 мың теңге көлемінде пара алған кезінде айғақпен ұсталды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Алматы облысы бойынша департаменті ауылдық аймағының әкімі аз.К. қатысты ҚР ҚК-нің 24 және 311 бабының 4 бөлігінің "в" тармағы бойынша (Пара алу) қылмыстық іс қозғады. Ол жер теліміне меншік құқығын шығару үшін, делдал арқылы Ж. есімді азаматтан 5 мың АҚШ доллар көлемінде пара алуға бопсалаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны