28.05.2015, 23:21 3887

Алматы облысында "Құрғақ порт" және "Қорғас - Шығыс қақпасы" ЕЭА аймағыныӊ құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Бүгін Алматы облысы әкімдігі мен "KTZE - Khorgos Gateway" ЖШС арасында "Құрғақ порт" және "Қорғас - Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағыныӊ құрылысы жобасын ілгерілету жөніндегі ортақ келісімге қол қойылды

Алматы. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы әкімдігі мен "KTZE - Khorgos Gateway" ЖШС арасында "Құрғақ порт" және "Қорғас - Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағыныӊ құрылысы жобасын ілгерілету жөніндегі ортақ келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған кездесудіӊ мақсаты Елбасыныӊ "Нұрлы Жол" бағдарламасын жүзеге асыра отырып өӊірдегі әлеуметтік саланы нығайту, жаӊа жұмыс орындарын ашу болып отыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Меморандум тармақтарында белгіленгендей аталған серіктестік жұмысшыларыныӊ 80%-ға жуығы өӊір тұрғындарынан құралатын болады. Осыныӊ негізінде Алматы облысыныӊ әкімдігі транспорттық-логистикалық салада арнайы мамандар әзірлеп, олардыӊ біліктілігін арттыру үшін оқу жұмыстарын жүргізетін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін осы жерде 500 жаӊа жұмыс орны ашылса, жоба толық іске қосылғанда 10 мыӊ адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бүгінгі таӊда Нұркент қалашығында "Құрғақ порт" қызметкерлеріне арналып арнайы тұрғын үй кешені бой көтеруде. Пенджім ауылында тұрғын үй кешендерін тұрғызу мақсатында Алматы облысы әкімдігі тарапынан жер телімі белгіленіп, бас жоспары нақтылануда. Бұдан басқа да бұл аймақта балабақшалар, мектептер мен аурухана құрылыстарын салуға дайындық жұмыстары басталып кетті.

Естеріӊізге сала кетсек, "Құрғақ порт" іске қосылған соӊ халықаралық деӊгейдегі ірі транспорттық-логистикалық және дистрибуциялық ауқымды орталыққа айналып, Қазақстан, Қытай және Еуразия кеӊістігіндегі бірқатар елдердіӊ әлемдік нарыққа шығуына жол ашатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны