23.02.2009, 15:23 3066

Алматы облысында үш еркек сусар, аққұлақ пен ондатр терілерімен ұсталды

Алматы облысында үш еркек сусар, аққұлақ пен ондатр терілерімен ұсталды

Алматы. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында кейінгі бір тәулікте үш еркек сусар, аққұлақ пен ондатр терілерімен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алакөл ауданында Лепсі ауданының тұрғынынан табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Алакөл АІІб қызметкерлерімен бірлесе отырып, 3 тас сусары мен аққұлақ терісін тәркіледі. Бұл аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген". Мемлекетке 700 мың теңгенің шығыны келді.

Сондай-ақ, "Балхаш ауданында табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен Балхаш АІІб қызметкерлері Қараой ауылының маңында екі жұмыссыздан 25 дана ондатр терісін тәркіледі".

Алдын-ала баға бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 159 125 теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны