31.03.2010, 17:14 6595

Алматы облысында Жанар-жағармай тарату бекетінің басқарушысынан 1,2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ретінде екі ер адам ұсталды

Алматы облысында Жанар-жағармай тарату бекетінің басқарушысынан 1,2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ретінде екі ер адам ұсталды

Талдықорған. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысының Алакөл ауданының полиция қызметкерлері Жанар-жағармай тарату бекетінің басқарушысынан 1,2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ретінде екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен аптада ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері Алакөл ауданында жедел іс-шаралардың нәтижесінде "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі бір Жанар-жағармай тарату бекетінің басқарушысынан 1,2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ретінде екі ер адамды ұстады ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД мәліметінше, "ұстау барысында олардан аз көлемде гашиш есірткісі алынды".

"Күдіктілер Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Бопсалаушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сондай-ақ, "екі күдікті де Алматы облысының солтүстік өңірлерінде ықпалын жүргізуге талпынатын бір қылмыстық топқа қатысы бар адамдарға саналады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны