26.03.2007, 16:43 3326

Алматы облысындағы қайғылы оқиғаға екі адамның арасындағы жаңжалға көпшілікті тарту басты себеп болған - ІІМ

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Республиканың құқық қорғау мекемелерінің пікірінше, Алматы облысының Маловодное және Қазатком ауылдарындағы қайғылы оқиғаға екі адамның арасындағы жаңжалға көпшілікті дүрліктіре тарту басты себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мәселенің басын ашу үшін топ жинап бару қайғылы оқиғаға түрткі болды", деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, "азаматтардан заң бұзушылықтар жөнінде дер кезінде мәлімдеме келіп түкен жағдайда қару қолданылған қақтығыстың алдын алуға болар еді". "Алайда,- деді Б.Қожахметов,- Қазатком ауылында қарулы қақтығыс туындағанға дейін ешкім, соның ішінде жәбірленуші де полицияға хабар бермеген".

Сонымен бірге баспасөз хатшысының хабарлауынша, жәбірленуші Сәлімбаев көмек сұрай барған медицина қызметкерлері де болған оқиға жайында полицияны құлағдар етпеген.

Б.Қожахметовтың айтуынша, оқиғаға кінәлілер түгелдей жауапқа тартылады. "Осынау жаңжалға қатысушылар толық анықталады деп нық сеніммен айта аламыз, қандайбір заңға қайшы әрекетке барған тұлғалар түгелімен заң алдында қатаң жауап беретін болады",- деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен "С.Садков, Б.Бугутов пен А.Махмахановты қасақана өлтіру, сонымен қатар, ауыр жарақаттау салдарынан Н.Махмаханов пен Х.Махмахановтың өлімге душар болу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды". Сонымен бірге Тахир Махмахановқа халықаралық іздеу жарияланды. Оның үстінен қасақана кісі өлтіруге әрекет жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған қоса "қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық және басқаның мүлкін қасақана жойып жіберу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды".

ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысының хабарлауынша, қақтығысқа қатысушылардан төрт қару тәркіленді. "Қазіргі жағдаймен тергеушілер тобында екі ойындылы , екі тегіс оқпанды қару бар. Олар аталмыш қарудың тіркелген-тіркелмегендігін анықтауда".

Бұрын хабарлағанымыздай, Еңбекшіқазақ ауданының екі тұрғыны арасындағы дау -жаңжал жаппай төбелеске ұласып, соның салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы төрт адам қазір ауруханада жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны