24.02.2010, 13:34 3277

Алматы облысының полиция қызметкерлері тапсырыс бойынша жасалған қылмысты ашты

Алматы облысының полиция қызметкерлері тапсырыс бойынша жасалған қылмысты ашты

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері тапсырыс бойынша жасалған қылмысты ашты. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"13 ақпанда Жаркент қаласындағы үйлердің біріндегі жертөледен оқ жарақатымен 36 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 18 ақпанда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады. Оның ішінде тапсырыс беруші, яғни жәбірленушінің бұрынғы жұмыс берушісі, қылмысты орындаушы және кісі өлтірушіге шолақ мылтық сатқан азамат құрықталды,- деді ІІМ ресми өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны