20.02.2008, 17:50 2809

Алматы полиция қызметкерлері екі күннің ішінде жол жүру ережесін бұзған екі мыңнан аса оқиғаны анықтады

Алматы полиция қызметкерлері екі күннің ішінде жол жүру ережесін бұзған екі мыңнан аса оқиғаны анықтады

Алматы. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік полиция инспекторлары екі күннің ішінде "Жол қауіпсіздігі" атты профилактикалық шараларын жүргізу кезінде жол жүру ережесін бұзуға қатысты екі мыңнан аса оқиғаны анықтады, деп хабарлайды агенттік Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 25 жүргізушіні құрықтаған. Сондай-ақ, екі көшпелі сот отырысы өткізіліп, онда 11 жүргізуші белгілі бір уақытқа жүргізушілік құқығынан айрылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, автокөлікті мас күйінде айдағандары үшін олардың басым бөлігі жүргізу құқығынан айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны