10.10.2006, 14:56 3476

Алматы полициясы адам ұрлаған екі бопсалаушыны ұстады

АЛМАТЫ. 10-қазан. Kazakhstan Today. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын бопсалағаны және 25 жастағы алматылық тұрғынды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне ІІД-нің баспасөз қызметі.

"Илгілер Алматы тұрғынын күшпен қала сыртына алып шығып, Жамбыл ауданы Фабричный ауылындағы жеке меншік үйдің жертөлесінде бір тәулік бойы қамап қойған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшыларның ақпаратына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының 36 жастағы тұрғыны мен бір құрылыс компаниясының директоры болып істейтін 52 жастағы әйел сыбайласы кепілге алынған адамды соққыға жығу арқылы одан 1 мың АҚШ долларын алмақ болған. Жігіт оларға аталған ақшаны беруге уәде беріп, бостандыққа шыға сала полициядан көмек сұрай келген.

Күдіктілер ұсталып, олардың үстінен адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру жөнінде екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қабырғалары сынып, жарақаттанған жәбірленуші қалалық 4-ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны