23.05.2007, 14:03 2876

Алматы полициясы адвокат Өстеміровты куәгер ретінде тартпақ болған

АЛМАТЫ. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Алматы полициясы адвокат Өстеміровты куәгер ретінде тартуға талпыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Өстеміров қамаудағы КТК қызметкері Виталий Пискуновтың және басқа да бірнеше адамның мүддесін қорғайды.

Адвокаттың айтуынша, оны Пискуновтың ісі бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін -міс деген сылтаумен полицияға шақырған. Алайда тергеуші адвокатты куәгер ретінде сұрағысы келетінін мәлімдеген.

Құқық қорғаушының пікірінше, "айылын жимайтын адвокатты процестен шығаруға басты себеп оның КТК телеарнасына берген сұхбаты" болмақ, онда ол өзінің қорғауындағы адамнан қажетті жауаптарды қалай алып жатқаны жайлы айтып берген.

Н.Өстеміров тергеушіге жауап беруден бас тартты. "Полицияның бұл әрекеті мені Пискуновтың қорғаушысы ретінде іске қатысудан аластауға бағытталған",- деп санайды адвокат.

Сонымен бірге Н.Өстеміровтің хабарлауынша, ол Темірәлиев пен Хасеновтың Манас әуежайынан Қытайға ұшқанын растай алатын куәгерді көрсете алады. "Мен бұл адамнан ақпаратты жария етуге келісімін алдым",- деді адвокат. Сонымен бірге оның мәлімдеуінше, куәгер өзінің отбасы мен жеке басының қауіпсіздігі қорғалған жағдайда ғана ақпаратты беруге дайын екенін жеткізген.

Осы орайда еске сала кетсек, өткен аптаның аяғында адвокат Нұрлан Өстеміров Жолдас Темірәлиев пен оның сыбайласы Айбар Хасенов Қырғызстаның Манас әуежайы арқылы ҚХР-ына ұшып кетті деп мәлімдеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны